«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл»
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
6 қазан күні мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл» тақырыбында мектеп директоры ұжыммен кездесу өткізді.
Мақсаты: Ұстаздардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру барысында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін көтеру.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту бүгінгі таңдағы басты міндет. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Осы мақсатта арнайы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 2015 жылы қабылданды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекет әр салада жүзеге асырылуда.