09
сентябрь
2022
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Мектепте, 5-6 кыркүйек күндері,










ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Мектепте, 5-6 кыркүйек күндері,
5-11 сыныптар арасында кезекті «АДАЛДЫҚТЫҢ АЛЫП ЖЫРШЫСЫ - ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ» тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді.
Адалдық сағаты барысында ақынның мұрасына тән ерекшеліктер айтылды. Жамбыл – таза шындықтың ақыны, шындықтың көркем суреткері. Ұстазы Сүйінбай секілді ешкімге жалтақтамай, айтарын астарламай, ащы шындықты шымбайға батыруға дағдыланған. Ел билігіне, халық мұқтаждығына арналған өлеңдерінен бұл қасиетін оңай көре аламыз. Жыр алыбы Жамбылдың шығармаларындағы өзінің туған қазақ халқына тән кең пейілділік пен дархандықтың, адалдық пен адамгершіліктің, қайырымдылық пен қайсарлықтың, ынтымақ пен бірліктің, ауызекі дес бермейтін шешендік пен ағыл-тегіл төге жырлайтын ақындықтың, алғырлық пен тапқырлықтың құдіретін жастарға дәріптеуді мақсат тұтты.