«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
«Кітапхана және кітап оқу» атты сауалнама
Мақсаты:5-11сынып оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Оқушылардың оқу сауаттылығын ілгерілетуге ата-ана қауымдастығының ықпалын кеңінен қолдану.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында 2024 жылдың 19 қаңтар күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарынан «Кітапхана және кітап оқу» атты сауалнама алынды. Кітап оқуы балаларының бос уақытын кітапхана қабырғасында ұйымдастыру, олардың талап-тілектерін анықтау мақсатында сауалнама алынып, сауалнаманың қорытындысы бойынша интернетті жақтаушылар санынан, кітапты жақтаушылар көп болғаны көңілді қуантты. Сауалнама соңында оқырмандардың бос уақыттарын кітапхана қабырғасында қызықты ұйымдастыру үшін білім алушыларды толғандыратын мәселелер төңірегінде әңгіме-сұхбат ұйымдастыру, кітапхана өткізетін іс-шаралар барысында пікірталас жасау, қызықты сайыстар мен көпшіліктің сұрауы бойынша WI-FI құру сияқты ұсыныстар ата-аналар тарапынан айтылды.