«Кітапхана және кітап оқу» атты сауалнама » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітапхана және кітап оқу» атты сауалнама
17
январь
2024

«Кітапхана және кітап оқу» атты сауалнама

Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 

«Кітапхана және кітап оқу» атты сауалнама

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Оқушылардың оқу сауаттылығын ілгерілетуге ата-ана қауымдастығының ықпалын кеңінен қолдану.

        Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп кітапханасында  2024 жылдың 17 қантар күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарынан «Кітапхана және кітап оқу» атты сауалнама алынды. Кітап оқу арқылы балаларының бос уақытын кітапхана қабырғасында ұйымдастыру, олардың талап-тілектерін анықтау мақсатында сауалнама алынып, нәтижесі шықты. Сауалнамаға бастауыш сыныптарынан жиырма ата-аналар қатысты.Сауалнама  сұрақтары  төмендегідей  болды:

Сіз кітап оқығанды ұнатасыз ба?

Қандай кітапты оқуды ұнатасыз?

Қазақ және орыс жазушыларының сіз білетін шығармаларын атаңыз.

Ең соңғы оқыған кітабыңыз қандай?

Сіз кітап таңдау кезінде   кімнің ұсынымдарын  пайдаланасыз?

Кітаптан оқығанды тәуір көресіз бе, әлде интернеттен де емін-еркін оқи бересіз бе?

Сіз кітапты  қандай мақсатпен оқисыз?

Үй жағдайында балаларыңызбен  кітап  оқисыз ба?

Аудандық,ауылдық кітапханаға балаларыңызды кітап оқуға апарасыз ба?

Есіміңіз және жасыңыз?

Берілген сұрақтар бойынша   барлық ата-аналар жүйелі, нақты жауап берді.

Осы орайда ата-аналардан алынған сауалнаманың қорытындысы:

  • Кітап оқуға құмарлығы артты;
  • Оқығанын айтып беру шеберлігі жоғарылады;
  • Ақын-жазушылардың шығармаларын көптеп тани бастады;
  • Көп оқуға талпыныс байқалды;
  • Кітапханаға бару жиіледі;
  • Есте сақтау зейіні дамыды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: