Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді
13
октябрь
2023

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді

Анықтама

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде  2023-2024 жылының I-тоқсанының негізгі жұмыс жоспарына сәйкес,  2023 жылдың 13 қазан күні кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Баисов Ж.Б. оқушыларға жол ережесін бұзушылықтың   және жол апаттарының көп орын алып жатқанын, осындай құқық бұзушылықты  болдырмау үшін оқушыларға әкімшілік хаттама толтырылатыны туралы атап көрсетті.Сонымен қатар ЖПҚб  ЮПТ инспектор полиция лейтенанты Абдыкасым Д, ЖПҚб  ЮПТ-ның аумақтық инспектор полиция лейтенанты Мұхтар Т.Қ.  құқық бұзушылықтың,қылмыстың  түрлерінің көбею себебтері және оның алдын алу бойынша қандай әрекеттер жасау керектігі туралы толық ақпарат беріп өтті. Қазіргі жаңа Қазақстанның болашағы осы жастар екені және ол жастар дені сау мәдениетті,оқыған болуы керек деп толықтырды. Оқушылардың мектепке қымбат ұялы смартфон телефондарын алып келуін   бақылауға алып,пәндерге керек кезде ғана пайдалануды ұсынды. Себебі қымбат ұялы телефон жоғалған кезде құқық бұзушылық анықтаып,қылмыстық іс қозғалатыны айтылды.Оқушылардың мезгілсіз уақытта тиым салынған орындарда жүруі және тойханаларда жұмыс істеуі әкімшілік хаттама толтырылып,ата-аналарына айыппұл салынатыны туралы түсіндіріп өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: