«Қыcта кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» атты іс-шара
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
"Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру мақсатында
қысқы демалыс кезінде
«Қыcта кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» атты іс-шара
«Менің сүйікті ертегім» иллюстрациялары.
Анықтама
Өткізілген күні: 04.01.2024ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 1-5 сынып оқушылары.
Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру;
мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар - ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу; кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында қысқы демалыс күндерін тиімді пайдалану мақсатында 2024 жылдың 4-ші қаңтар күні «Менің сүйікті ертегім» иллюстрациялары өтті. Мектеп кітапханасында 1-5 сынып оқушылары «Менің сүйікті ертегім» тақырыбында «Мыстан кемпір», «Отты құс», «Қызыл телпек», «Колобок» сияқты сүйікті ертегілерге иллюстрациялар ұсынды. Оқушылар сурет салу дағдыларын шыңдап, ертегілер туралы өз ойларын жеткізе білді. Бастауыш сынып оқушылары арасында оқыған кітаптар иллюстрациялары жасалды. Сонымен қатар белсене қатысып, өздері оқыған ертегі кейіпкерлерін бейнелеу арқылы суреттер салды. Иллюстрациялық сурет салу ата-аналарымен бірлесе отырып үйде жалғасын тапты.
![](/uploads/posts/2024-01/1704688812_1704688790698.png)
![](/uploads/posts/2024-01/1704688839_1704688802887.png)
![](/uploads/posts/2024-01/1704688891_1704688797057.png)
![](/uploads/posts/2024-01/1704688813_1704688783902.png)
![](/uploads/posts/2024-01/1704688856_1704688777886.png)