«Тәуелсіз Қазақстан-біздің ең қымбат,ең асыл құндылығымыз» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіз Қазақстан-біздің ең қымбат,ең асыл құндылығымыз»
14
декабрь
2023

«Тәуелсіз Қазақстан-біздің ең қымбат,ең асыл құндылығымыз»

Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7  ЖОББМ                       14.12.23ж.


«Тәуелсіз Қазақстан-біздің ең қымбат,ең асыл құндылығымыз»  кітап көрме


Анықтама


Өткізілген күні: 14.12.2023ж.

Өткізілген орны: мектеп кітапханасы

Қатысқандар: 5-6 сынып оқушылары

Мақсаты: Оқушыларға елі мен жерін қастерлеуді, Тәуелсіздік ұғымының терең мағынада жұмсалатындығын насихаттау.

                 Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7   ЖОББ мектебінің кітапханасында

 Тәуелсіздік мерекесіне орай кітапханашы Каимбаева М.А. ұйымдастыруымен  «Тәуелсіз Қазақстан-біздің ең қымбат,ең асыл құндылығымыз»  атты кітап көрме оқушылар назарына ұсынылды. Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі.Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз. Сондықтан бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз.  Таныстырылым барысында еліміздің тәуелсіздікке дейінгі және тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдерге шолу жасап өтті. Арнайы дайындалған бейнематериал оқушылардың назарына ұсынылды. Сонымен қатар, тәуелсіздік жолында құрбан болған талай боздақтардың ерлігі мен өрлігі насихатталды. Кешегі батырлар , желтоқсан құрбандарының жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Ал одан бергі аралықта еліміз Тәуелсіздік алып, шаңырағын биікке көтерді.

Кітап көрмесіне қатысқан 5-6 сынып оқушылары қазақ жазушылардың  өлеңдерінен үзінді оқып, шараның көркін келтірді. Суретте іс- шарадан үзінді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: