09
сентябрь
2021
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат » онлайн көрме туралы хабарлама
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат » онлайн көрме туралы хабарлама
Өткізілген күні: 06.09.2021ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 1 –11 сыныптар
Мақсаты: Оқушыларға елі мен жерін қастерлеуді, Тәуелсіздік ұғымының терең мағынада жұмсалатындығын насихаттау.
Егемен еліміздің өміріндегі тағы бір мерейлі белес келді.Біз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басамыз.
Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі.
Сондықтан, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялады.
Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі.Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз. Сондықтан бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз.Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт.Тәуелсіздік шежіресі Тұңғыш Президентіміз – Елбасының тарихи тұлғасымен тығыз байланысты.
Талай қазақ қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кеткен «Құйын- 86» деген атпен болған желтоқсан оқиғасы баршамыздың мәңгі есімізде қалады. Бұл көтеріліс- қазақ халқының тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі. Ал одан бергі аралықта еліміз Тәуелсіздік алып, шаңырағын биікке көтерді.
![](/uploads/posts/2021-12/1638415397_37.jpg)
![](/uploads/posts/2021-12/1638415354_38.jpg)

![](/uploads/posts/2021-12/1638415388_39.jpg)