мектеп кітапханасында оқырмандарға жеке қызмет көрсету » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » мектеп кітапханасында оқырмандарға жеке қызмет көрсету
20
ноябрь
2023

мектеп кітапханасында оқырмандарға жеке қызмет көрсету

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ

Оқырмандармен жеке жұмыс

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп кітапханасында

 оқырмандарға жеке қызмет көрсету



  1. Әңгімелесу- кітапханашы мен оқырманның арасындағы тікелей сөйлесуді жүзеге асыруға септігін тигізеді.Әңгімелесу негізінен оқырманның кітапханаға жазылуы,құжаттар беру мен қабылдау кезенде өткізіледі.Жеке жұмыстың нысаны ретінде әңгімелесу ұснылатын әдебиет туралы,оқылған кітаптар туралы,кітапхана және ақпарат қорлары туралы әңгімелесу болып бөлінеді.

Ұсынылатын әдебиет туралы пікірлесу – кітапханашы басылымның мазмұнын,әңгіме өткізілетін оқушы тұлғасының оқырмандық даму деңгейін,оның қызығушылығы мен сұранысының сипатын ескереді.Ұсынылатын әдебиеттер аясын кеңейту,кітапханашы мен оқырманның арасындағы қарым-қатынасты демократияландыру кітапханашыдан бірнеше басылымды таңдауға ұсынуды ғана емес,сонымен бірге оқырманды сол таңдауының дұрыстығына иландыра білуді талап етеді.


Оқырман басылым туралы пікірлесу – басылым беруді оқырманмен  жұмыстың соңы деп санауға болмайды.Шынтуайтында,бұл жұмыстың тек басы ғана.Оқылған басылым туралы пікірлесудің мақсаттары

  • Оқушының оқырмандық даму деңгейін,соның ішінде оқылған басылымның оған түсінікті болған-болмағанын анықтау;
  • Оқырманның сол шығарма мен оның авторы туралы пікірін анықтау (мүмкін болса,сол шығарманы сол автордың басқа шығармаларымен салыстыру)
  • Оқырманның талғамы мен артық көрушіліктерін анықтау (оқылған басылымды талқылау мысалында);
  • Оқырман күтілімдері жүйесін анықтау болып табылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: