«Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» тақырыбында кітаптар көрмесі өткізілді
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
«25 қазан – Республика күніне» орай мектепте 17-24 қазан күндері мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» тақырыбында кітаптар көрмесі өткізілді.
"Республика күні» – бірқатар мемлекеттердегі республиканың таптырмас атрибуты болып табылатын мемлекеттің республика болып жарияланған немесе елдің конституциясы қабылданған күні атап өтілетін ұлттық мереке.
Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.
Мектеп кітапханасының қорындағы «Менің Отаным – Қазақстан» кітап көрмесінде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, сондай-ақ еліміздің егемендік тарихындағы айтулы сәттерді баяндап, өткен тарихымыздың жарқын жақтарын көрсететін мемлекеттің құрылу кезеңдеріне сәйкес материалдар және Қазақстан табиғатының байлығы туралы кітаптар ұсынылған.
