«Төрт тоқсан – төрт өнер» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Төрт тоқсан – төрт өнер»
24
октябрь
2023

«Төрт тоқсан – төрт өнер»

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп


    24 қазан күні А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектепте Қазақстан патриотизмді, ұлттық бірегейлікті, әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру, білім алушыларды өз қалқының мәдени дәстүрлеріне баулуға тәрбиелеу мақсатында «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында «Ақындар айтысы - 2023» сайысы өткізілді.

    Қазақ сөз өнері тарихындағы авторлары белгілі айтыс өлеңдері – ұлттық әдебиетіміздің дәстүрлі мұрасы, халқымыздың рухани мәдениет қазынасы. Айтыстарға қатынасушы ақындардың әрқайсысының әлеуметтік-қоғамдық, эстетикалық-гуманистік дүниетаным көзқарастары шығармаларының халыққа жағымды ықпалын айқындайды. Ақын – автор өзінің тақырыбына сай ой желісін сақтай отырып, айтыстың басталуынан аяқталуына дейінгі біртұтас композициялық өрілімді сақтай жырлайды. Дәстүрлі ақындар поэзиясының негізгі жанрларының бірі айтыс өнерінің тақырып, идея тұтастығы жүйесінде автордың көркемдік шеберлігі, тілі, өзіндік мәнері айқындалады. 

1 ТОҚСАН "АҚЫНДАР АЙТЫСЫ"

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: