«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес «Лагерь ханшайымы-2023» өткізілді » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес «Лагерь ханшайымы-2023» өткізілді
14
июнь
2023

«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес «Лагерь ханшайымы-2023» өткізілді

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп


14.06.2023ж

      А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріне 95 бала қамтылды. Оның ішінде 50-і атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтамасыздандырылған отбасындағы балалар, ата-аналар есебінен тамақтанатын 20 бала және 25 бала ойын алаңына қамтылды. 

    «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес «Лагерь ханшайымы-2023» өткізілді.  Іс-шараның мақсаты  қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандалақ, ізеттілік, ісмерлік т.б негізінде тәрбиелеу. Әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Тәлімгер мен тәрбиешілердің ұйымдастыруымен әр топтан 2 қыздан қатысты «Күншуақ» тобынан Аманбай  Аяулым, «Гүлдер » тобынан Қартбай Айару, Торабай Нұрсая, «Толағай» тобынан Жолдыбай Дариға, Хайтбай Альбина және «Солнышко» тобынан Мезина Самира қатысты. Байқау 4 бөлімнен тұрды.

 І бөлім «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру

ІІ бөлім «Өнер» сайысы

ІІІ бөлім «Сұлулық сыры» сайысы

ІV бөлім «Зерделінің ойы озық» сұрақ-жауап.

      Бас жүлдені Жолдыбай Дариға жеңіп алды, 1 орын-Қартбай Айару, 2 орын-Мезина Самира, 3 орын-Аманбай Аяулым алды, ал Торабай Нұрсая «Дарынды ару», Хайтбай Альбина «Өнерлі ару» номинациясын иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.

     Кітапханашы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында топтармен «LEGO» мақал-мәтелдер құрастыру ойыны өткізілді,және де «LEGO» конструкторларының бөлшектерімен ертегі кейіпкерлерін тапты.

     Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі балалармен спорт алаңында қызықты ойындар ойнатып,жаттығулар жасатты. Көркемдік жетекші әр топпен әсем ән айтып,топ өлеңдерін қайталады.Балалар іс-шараларға өте белсенді қатысып,жақсы көңіл-күймен қайтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: