«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес «Лагерь ханзадасы-2023» тақырыбында өтті » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес «Лагерь ханзадасы-2023» тақырыбында өтті
13
июнь
2023

«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес «Лагерь ханзадасы-2023» тақырыбында өтті

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп


Анықтама

13.06.2023ж

А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріне 97 бала қамтылды. Оның ішінде 50-і атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтамасыздандырылған отбасындағы  балалар, 30 бала ата - аналар есебінен тамақтанатын  және 17 бала ойын алаңына қамтылды. «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес «Лагерь ханзадасы-2023» тақырыбында  өтті. Іс-шараның мақсаты  әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әртүрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

    Тәлімгер мен тәрбиешілердің ұйымдастыруымен әр топтан   ұл балалар қатысып, өз бақтарын сынады. «Күншуақ» тобынан Дәрім Нұртас, «Гүлдер» тобынан Аманбай Батырхан, Бахт Айдос және «Толағай» тобынан Пулатбай Қуаныш қатысты. Байқау 4 бөлімнен тұрды.

 І бөлім «Тегімді менің сұрасаң» өзін таныстыру

ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз» өнер сайысы

ІІІ бөлім «Сән әлемі» сайысы

ІV бөлім «Көңілі ояу,көзі ашық» сұрақ-жауап.

Балалар өз өнерлерін көрсетіп, бас жүлдені Аманбай Батырхан жеңіп алды.1 орын- Бахт Айдос, 2 орын-Пулатбай Қуаныш, 3 орын-Дәрім Нұртас алды.

   Кітапханашы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында топтармен «Жазғы демалыс кітаппен» тақырыбында викториналық ойын ұйымдастырды.

    Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты спорттық сайыс ұйымдастырды. Спорттық сайысқа әр топтан 5 оқушыдан қатысып, әртүрлі кедергілерден өтіп, түрлі ойындар ойнады. «Күншуақ» тобы жеңіске жетті. 

    Өткізілген іс-шараларға балалар белсенді қатысып, жақсы көңіл-күймен қайтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: