Жас талантты ақындар
Өмір маған үйретті Өмір маған үйретті жыламауды, Алладан басқа ешкімнен сұрамауды. Бақыт кетсе артынан жүгірмей-ақ, Берілмеуді, өмірден жеңілмеуді. Өмір маған үйретті құламауды, Құласам да, ешқашан жыламауды. Болмайтын адамдарға уақыт арнап, Мейірім мен махаббат сұрамауды. Өмір маған үйретті шүкірлікті, Жақсы көріп, кешіру, үлкендікті. Тағдыр салса Алланың сынағы деп, Көтерген жөн сабырмен қателікті Жамбыл обылысы,Меркі ауданы А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ –нің 10-сынып