15
сентябрь
2025
“Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру”
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 15 қыркүйек күні “Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру” тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның мақсаты білім алушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, дұрыс тамақтана білу мәдениетіне тәрбиелеу. Мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Инкарбекова білім алушыларды онкүндіктің ашылуымен құттықтады. Мектеп психологы А.Нысанова, Т Джантаева балалармен тренингін жасап, сергіту ойындарын ұйымдастырды. Балалар тренингке өте белсенді түрде қатысты. Әлеуметтік педагог С.Таджи дұрыс тамақтану және зиянды тағамдардан аулақ болу туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, пайдалы және зиянды тағамдар туралы сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылып интербелсенді тақтадан «Дұрыс тамақтану» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Мектеп асханасындағы оқушыларға арналған қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. 
