Тамақтану сапасына I тоқсан бойынша мониторинг » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану сапасына I тоқсан бойынша мониторинг
30
октябрь
2024

Тамақтану сапасына I тоқсан бойынша мониторинг

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі оқушылардың тамақтану сапасына тоқсан бойынша мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы 

Ақпарат

Мектеп асханасынан балалардың бір мезгіл ыстық тамақ ішуі – олардың денсаулығы мен тиімді оқу қабілетін қолдаудың маңызды шарттарының бірі. 6-18 жас аралығындағы кезеңді бала мектепте өткізеді, нақты ол кезеңде организмнің қарқынды соматикалық өсуі орын алады, бұл ақыл-ой  және дене жүктемелерінің артуымен қосарланады . Мектеп асханасында тиімді тамақтануды ұтымды ету өскелең ұрпақтың денсаулығының дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Толыққанды және үйлесімді тағам – бала организмінің қалыпты қызмет етуінің маңызды шарты болып табылады. Толыққанды тағам асқазан ішек жолы ауруларының алдын алуға, балалар мен жасөспірімдердің жұмысқа қабілеті мен оқу үлгерімінің артуына, денелік және ақыл-ойының дамуына ықпал етеді, олардың заманауи өмірге бейімделуіне жағдай жасайды.

А. Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп асханасында оқушылардың тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттарды (екі апталық ас мәзірін) енгізуді, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды іске асырудың және оқушылардың тағамын ұйымдастыруды жетілдірудің нәтижелі болуына қол  жеткізу үшін асхана тағамына ұдайы мониторинг жүргізіліп отырады.

2024-2025 оқу жылының  тоқсанында мектеп бойынша жалпы  - 199 білім алушы ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінен әлеуметтік санаттарына қарай 14-і атаулы әлеуметтік көмек алатын, 24-і алқалық органның шешімімен, 2 білім алушы қамқоршылықтағы балалар, қалған білім алушылар 1-4 сыныптар түгел 171- білім алушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. 1-ауысымда 101 білім алушы тамақтанса, 2-ауысымда 98-білім алушы тамақтанады.

Құрамында 7 мүшесі бар бракераж комиссия тобы мектеп асханасында балалардың ыстық тамақпен уақтылы қамтылуын апта апта сайын қадағалап, тексеріп отырады. Тексеріс нәтижесі жауапты маман тарапынан арнайы журналға тіркеліп хаттама және Акт-пен рәсімделіп отырылады.

Тексеру барысында комиссия тобы біріншіден асхананың санитарлық жағдайын, екіншіден тамақтану кезінде білім алушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауы,жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасын, тағам өнімдерінің және дайын болған тағамдардың сапасы мен олардың сақталуын, үшіншіден тағамдарды дайындау   технологиясында тоңазтқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын тексеріп отырады. Азық-түліктердің жарамдылық мерзімі дұрыс сақталған. Асхананың ас әзірлеу блогы санитарлық гигиеналық талаптарға сай. Дизинфекция құралдары бар. Асхана қызметкерлерінің формалары таза, ұқыпты. Мектеп асханасының аспазшысы Ж. Қалабаева өз қызметін жауапкершілікпен атқаруда.

Мектеп асханасының тамақтану бөлімінде қол жуатын орындарда арнайы 4 кептіргіштер бар. Білім алушыларға арналған қол жуатын 6 орын бар. Барлығы жұмыс жасап тұр.


Мектеп асханасы қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған талапқа сай. Арнайы стендтерде білім алушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жұмысына байланысты бұйрықтар, асхананың жұмыс істеу кестесі мен білім алушылардың тамақтану уақыты ілініп, тиімді және дұрыс тамақтану бұрыштары жасалған.

Мектеп асханасында таза ауыз су және қайнатылған жылы су үнемі жаңартылады. отырады. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы  ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 3-тарау 28 тармағында көрсетілген «Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі» деп көрсетілген, талаптар орындалған. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген. Мектептің медицина қызметкері және әлеуметтік педагогы тарапынан қадағаланып отырады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: