Тамақтану сапасына III тоқсан бойынша мониторинг жүргізу » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану сапасына III тоқсан бойынша мониторинг жүргізу
29
март
2024

Тамақтану сапасына III тоқсан бойынша мониторинг жүргізу

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі оқушылардың тамақтану сапасына III тоқсан бойынша мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат

2023-2024 оқу жылында білім алушыларды мектеп асханасында сапалы және тиімді тамақтану жұмысы мектептің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия (әрі қарай-комиссия) тарапынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылы бірлесіп ұсынған «Білім беру ұйымдарында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведмоствоаралық сараптама топтардың қызмет тәртібі туралы» әдістемелік ұсынымдары мен жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемелекеттік қызмет көрсету қағидалары мен «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Ренспубликасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №95 бұйрығы мен «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ -16 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіліп отыр. 

А. Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттарды (төрт апталық ас мәзірін) енгізілуін іске асырудың және оқушылардың тағамын ұйымдастыруды жетілдірудің нәтижелі болуына қол  жеткізу үшін асхана тағамына ұдайы мониторинг жүргізіліп отырады.

2023-2024 оқу жылының III  тоқсанында мектеп бойынша жалпы  - 210 білім алушы ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінен әлеуметтік санаттарына қарай 30-ы атаулы әлеуметтік көмек алатын, 14-і алқалық органның шешімімен, 2 білім алушы қамқоршылықтағы балалар, қалған білім алушылар 1-4 сыныптар түгел 181- білім алушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. 1-ауысымда 106 білім алушы тамақтанса, 2-ауысымда 104-білім алушы тамақтанды.

Құрамында 7 мүшесі бар бракераж комиссия тобы мектеп асханасында балалардың ыстық тамақпен уақтылы қамтылуын апта сайын қадағалап, тексеріп отырады. Тексеріс нәтижесі жауапты маман тарапынан арнайы журналға тіркеліп отырылады.

Тексеру барысында комиссия тобы біріншіден асхананың санитарлық жағдайын, екіншіден тамақтану кезінде білім алушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауы,жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасын, тағам өнімдерініңжәне дайын болған тағамдардың сапасы мен олардың сақталуын, үшіншіден тағамдарды дайындау  технологиясында тоңазтқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын тексеріп отырады. Асхана аспазшысы Ж. Қалабаева өз қызметін жауапкершілікпен атқаруда.

Мектеп асханасы қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған талапқа сай. Арнайы стендтерде білім алушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жұмысына байланысты бұйрықтар, асхананың жұмыс істеу кестесі мен білім алушылардың тамақтану уақыты ілініп, тиімді және дұрыс тамақтану бұрыштары жасалған.

Мектеп асханасында таза ауыз су және қайнатылған жылы су үнемі жаңартылады. Мектептің медицина қызметкері және әлеуметтік педагогы тарапынан қадағаланып отырады.


Ұсыныс:

  1. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жұмысы одан ары жандандырылсын.

Орындаған: әлеуметтік педагог М. Амангелдиева. 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: