А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 2022-2023 оқу жылының I жартыжылдығында оқушыларды мектеп асханасында ыстық тамақпен қамту жұмысы туралы
А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 2022-2023 оқу жылының I жартыжылдығында оқушыларды мектеп асханасында ыстық тамақпен қамту жұмысы туралы
Интернационал ауылы 06.01.2023 жыл
2022 жылдың қыркүйегінде мектептің әлеуметтік қызметі 2022-2023 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту мақсатында аз қамтылған отбасынан шыққан баланың тізімін анықтады. Аталған бағытта жұмыстар атқару мақсатында жұмыс жоспары құрылып, тиісті бұйрықтар шығарылып, жоспар мектеп басшысымен бекітілді.
Тамыз айында педагогикалық кеңесте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №198 бұйрығына 10 қосымшасына сай «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасына сәйкес 3 аз қамтылған отбасынан шыққан 17 оқушының тізімі анықталып, бекітіліп, олар мектеп асханасында бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылатын балалар тізіміне енгізілді. Әлеуметтік санатына қарай 63 (алпыс үш) оқушы – атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан, 2 оқушы қорғаншылықтағы балалар болып отыр. 63 баладан I- ауысымда 32 бала оқыса, II- ауысымда қалған 31 бала оқиды.
2022 жылдың қыркүйек - желтоқсан айларында сенбі, жексенбі күндерін есептемегендегі аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға кәсіпкер тарапынан азық-түлік алынып, алынған азық-түлік мектеп асханасына жеткізіліп отырды.
Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Инкарбекова Г.Т. мектептің жалпы оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жұмысына жауапты болып бекітіліп, мектептің медбикесі – Джуанышова Парида мектеп директорының 02.09.2022 жылғы №104 бұйрығы негізінде құрылған тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның құрамына кірді. Комиссия төрағасы болып мектеп директоры Р.Сейтказиев бекітіліп, құрамында 7 мүшесі бар аталған комиссия тобы мектеп асханасында балалардың ыстық тамақпен қамтылуын апта сайын қадағалап тексеруде.Тексеріс нәтижесі тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның мектеп асханасында жүргізген тексерулерін тіркеу (бракераж) журналына тіркеліп отыр.
Тексеру барысында комиссия тобы біріншіден асхананың санитарлық жағдайы, екіншіден тамақтану кезінде оқушылардың санитарлық-гигиеналық тазалық талаптарын сақтауы, жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасына, тағам өнімдерінің және дайын болған тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуы, үшіншіден тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш - технологиялық жабдықтардың жарамдылығы тексеріліп отырылады.Өз кезегінде асхана аспазшысы Ж.Қалабаева өз қызметін жауапкершілікпен атқаруда.
Оқу жылы басында медбике тарапынан мектепте оқып жатқан балалар арасынан «Д» тобында (Вираж тобы) тұрған балалардың тізімі анықталып, олар өз ретінде сабаққа түрлі себептермен келе алмай қалған оқушылардың орнына күнделікті алмастырылып отыр. Сабаққа келмей қалған оқушылар сынып жетекшілерінің көмегімен анықталып, оларды Вираж тобындағы оқушылармен алмастыру жұмысы мектеп медбикесі тарапынан қадағаланып отырды.
Мектеп асханасы қажетті құралдармен жабдықталған.Арнайы стендтерде оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жұмысына байланысты бұйрықтар, асхананың жұмыс істеу кестесі ілініп, тиімді және дұрыс тамақтану бұрыштары жасалған. Бүгінгі күні мектеп асханасында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан 46 оқушы, аз қамтылған отбасынан шыққан 17 оқушы және 2 қорғаншылықтағы білім алушылар тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылса, қалған мектептің оқушылары ата-аналар есебінен күніне 250 (екі жүз елу) теңге мөлшерінде буфеттен тамақтанады.
Мектеп асханасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 31.12.2015 жылғы №717 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларының» 222 тармағымен тыйым салынған өнімдерді (қуырылған тағамдар, сағыз, конфет және т.б.) мектеп асханасында сатуға жол бермеу, балалардың тамақтанар алдында қолдарын жуып, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауы, асханада оқушыларға арналған қайнатылған судың уақтылы, арнайы ыдыста болуы және балалардың сатып алған тағамдармен тек мектеп асханасында тамақтануы мектеп әкімшілігі, кезекші мұғалімдер тарапынан күнделікті қадағалануда. Сонымен қатар ата-аналарға арналған ашық есік күнін өткізу мақсатында арнайы журнал ашылып, мектеп басшысымен түптеліп, бекітілді. Аталған бағыт бойынша жұмыс тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері тарапынан үнемі қадағалануда және алдағы уақытта да қадағаланады деген сенімдемін.
Ұсыныс:
- Мектеп асханасында оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жұмыстары одан ары жалғастырылсын.
- Оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жұмыстары жауапты мамандар тарапынан үнемі бақылауда болсын.
Ақпарат дайындаған:
ДОТІЖ орынбасары Инкарбекова Г.Т.