2018-2019 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында «Ашық есік күні» өтуі тура » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2018-2019 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында «Ашық есік күні» өтуі тура
14
ноябрь
2018

2018-2019 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында «Ашық есік күні» өтуі тура

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында «Ашық есік күні» өтуі туралы Анықтама


Интернационал ауылы 12.11.2018 жыл

2018 жылдың 12 қарашасында мектеп әкімшілігі мектептің әлеуметтік қызметімен бірлесе отырып 2018-2019 оқу жылының қыркүйек айындағы жоспарынан тыс мектеп асханасында білім алушыларды, оның ішінде аз қамтылған отбасынан шыққан 16 білім алушыларды және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан 59 білім алушыларды бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысы барысында мектеп асханасында балалардың ата-анасымен «Ашық есік күн» іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты 2018 жылдың тамызында педагогикалық кеңесте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына сәйкес «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес аз қамтылған отбасынан шыққан 16 (он алты) білім алушының және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан 59 білім алушыларды бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысы барысында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылу, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен ата-аналарды таныстыру.
Мектеп бойынша білім алушылардың бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысына жауапты маман директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Инкарбекова мектеп директорының 03.09.2018 жылғы №92 бұйрығы негізінде құрылған тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы - мектеп директоры Р. Сейтқазиев, мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.Абдукадыров, медбике П.Джуанышова бірнеше ата-анамен асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық - гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен таныстырды.
Аталған күні балаларға сол күнгі ас мәзіріне (менюге) сәйкес тағамдар дайындалып берілді.
Өз кезегінде ата-аналар дайындалған тағамдардың сапасы, дәмі және түрімен танысып, асхана аспазшылары Н.Куандықова мен Д. Қонысбаеваға ризашылықтарын білдірді.
Іс- шара барысында Г.Инкарбекова ата-аналарға сабаққа келмей қалған оқушылар кезекші сынып жетекшілерінің көмегімен күнделікті анықталып, оларды «Д» тобындағы оқушылармен алмастырылып отыратындығы, ол жұмыс күнделікті мектеп медбикелері тарапынан қадағаланып отыратыны туралы, алдағы уақытта да аталған бағытта тиісті жұмыстар атқарылатынын айтып өтті.


Мектеп директоры Р.Сейтқазиев


ДОТІЖО: Г.Инкарбекова




2018-2019 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп  асханасында «Ашық есік күні» өтуі тура
2018-2019 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп  асханасында «Ашық есік күні» өтуі тура
2018-2019 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп  асханасында «Ашық есік күні» өтуі тура
2018-2019 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп  асханасында «Ашық есік күні» өтуі тура

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: