06
октябрь
2022
Кәсіби бағдар бойынша мамандықтың бәрі жақсы «Дәрігер –мамандықтың асылы» тақырыбымен экскурсия ұйымдастыру туралы
Кәсіби бағдар бойынша мамандықтың бәрі жақсы «Дәрігер –мамандықтың асылы»
тақырыбымен саяхат ұйымдастыру туралы
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіби бағдар бойынша 2022 жылдың 06 қазанында мамандықтың бәрі жақсы «Дәрігер- мамандықтың асылы» тақырыбында 11 сынып білім алушыларымен Интернационал ауылының отбасылық дәрігерлік амбулаториясына (СВА) саяхат ұйымдастырдым.
Мақсаты : білім алушыларды медицина саласымен таныстыру және таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру, ояту.
Экскурсия барысында медицина қызметкерлері дәрігер-терапевт Жекебай Б.А., медбикелер Ниязова К.Ж., Аширбаева Ш.У. акушер Г.Аманбаева және Конградбаева М.- ЗОЖ мамандарымен кездесіп, олар өздерінің күнделікті жұмыстарымен таныстырып, медицина саласының қыр-сырларын әңгімелеп, бұл мамандықтың аса жауапкершілікті, шыдамдылықты, өз ісіне сүйіспеншілікті қажет ететін мамандық екенін және екпе егу туралы, тіпті танометрмен қан қысымын өлшеуді де көрсетіп түсіндіріп өтті.
Дәрігер- адам жанының арашасы, адам жанының зерттеушісі және қорғаны екенін, ал медбике- емделушіге, науқастарға мейірім көрсетіп, білімі мен шеберлігін, күтім жасап және психологиялық рухани қасиеттерін аямайтын қоғамның белсенді тұлғасы екенін де айтып өтті.
Білім алушылар экскурсияда медицина мамандарымен көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып көңілді күймен оралды.
Жауапты кәсіби бағдар беруші педагог - Омарова З.А.