«Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, осы біздің болашағымыз, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі міндетімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, осы біздің болашағымыз, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі міндетімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты.
12
апрель
2022

«Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, осы біздің болашағымыз, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі міндетімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты.

   12 сәуір күні мектеп директорының тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары А.Канибетованың ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында   Т.Рысқұлов ауылдық округінің әкімінің орынбасары Балғаев Д.Қ және ауылдық окрігінің жастар жөніндегі инспекторы Бектурганов А.Е. кездесу ұйымдастырылды.
   Кездесу мақсаты: Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа кірген Барыс жылын "Балалар жылы" деп жариялау туралы пікірлесу
   Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсіргені күмән туғызбайды. Шығыстың ғұлама ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін, - деген.
  «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер» деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне  уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелейік. Егер обасы мен  мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
  Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты.
Сөз соңында айтарым, қазіргі кезде «Жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, осы біздің болашағымыз, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі міндетімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлымыз рухты, қызымыз ғұрыпты, қазақ өміріне жақындатып әдет - ғұрыпымызды сақтасақ деймін.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: