«Ерлікке тағзым» атты салтанатты жиын өткізілді » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ерлікке тағзым» атты салтанатты жиын өткізілді
08
май
2026

«Ерлікке тағзым» атты салтанатты жиын өткізілді

Мамыр айының 8 жұлдызында «Ерлікке тағзым» атты салтанатты жиын  өткізілді. «Патриот» айлығының жабылуына орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Патриот» айлығын қорытындылай келгенде бұл бір айдың ішінде біз тарихқа тағзым етіп, батыр бабалардың ерлігін еске алдық. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 34 жылдығы аясында 12 үлкен іс-шара өткізілді. Біздің оқушыларымыз сынып сағаттарында батырлар жайлы сыр шертті, ардагерлерге көмек қолын созды, әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты, сап түзеп, ән шырқады, сурет салып, шығарма жазды. Дөңгелек үстелде «Ер жігіттер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы» дегенді талқылады. Айлық аясында белсенділік танытқан әрбір сыныпқа, әрбір оқушыға, іс-шараны ұйымдастырған ұстаздар қауымына, бізге қолдау көрсеткен №11971 әскери бөлімінің сарбаздары мен офицерлеріне, ардагер ағаларымызға алғысымыз шексіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: