А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектепте ата-аналар жиналысы өтті. » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектепте ата-аналар жиналысы өтті.
17
апрель
2026

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектепте ата-аналар жиналысы өтті.

17.04.2026 күні Интернациональный ауылында орналасқан А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектепте ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа арнайы қонақтар:
Меркі АПБ ҚҚб ЮПТ аға инспекторы полиция подполковнигі Д.Омарова
ЮПТ полиция аға лейтенанты Н.Сыдықбеков
ЮПТ полиция аға лейтенанты Қ.Шолпанбаев қатысты.

Күн тәртібінде келесі маңызды мәселелер қаралды:
– Мектеп оқушыларын қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындау барысы, нормативтік-құқықтық негіздер және сапалы білім нәтижесіне қол жеткізу;
– Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, түнгі уақытта қараусыз қалдырмау және ата-ана бақылауын күшейту;
– Оқушылардың сабаққа тұрақты қатысуын қадағалау, сондай-ақ жол, өрт, су қауіпсіздігі және басқа да қауіпсіздік шараларын күшейту;
– Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, оның қауіп факторлары туралы түсіндіру;
– Мектеп бітіру, бастауышпен қоштасу және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде заң талаптарын сақтау, қаражат жинауға, мектептен тыс орындарда немесе ойын-сауық мекемелерінде өткізуді, автокөлік шерулерін ұйымдастыруды болдырмау;
– Ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Жиналыс барысында ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бала қауіпсіздігі мен сапалы білім беру мәселелері бойынша нақты ұсыныстар берілді.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: