«БІЛІМ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА АЙҚЫНДАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР» тақырыбында бірынғай Республикалық сынып сағаттары ұйымдастырылды.
2026 жылы 8 сәуір күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған «БІЛІМ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА АЙҚЫНДАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР» тақырыбында бірынғай Республикалық сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.
Сынып сағатының міндеттері:
– жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарымен таныстыру;
– оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін кеңейту;
– Заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру;
– «Адал азамат» құндылықтарын дамыту.
Сынып сағаты барысында сынып жетекшілері жаңа Конституцияның негізгі баптары түсіндірілді, адам капиталы білім, ғылым, инновацияны дамыту аясында тапсырмалар арқылы талқыланды, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру аясында оқушылармен пікір алмасу жүргізілді.
Әрбір азамат Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.




