«Жыл алыбы – Жамбыл» кітап көрме
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
Жамбыл Жабаев 180 жыл
«Жыл алыбы – Жамбыл» кітап көрме
Анықтама
Мақсаты: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ақын мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
2026 жылы 17 ақпан күні А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп кітапханасында 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Жыл алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны, шығармалары, ақын туралы зерттеу еңбектері мен мерзімді басылым материалдары қойылды.
Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмір жолымен танысып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жамбылдың ел бірлігі, Отан, ерлік туралы жырлары кеңінен насихатталды. Көрме жанында оқушылар ақын шығармалары бойынша ой бөлісіп, сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Шараның нәтижесінде оқушылар қазақ халқының ұлы ақынының әдеби мұрасымен тереңірек танысып, рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиеленді.



