«Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер» тақырыбында жиын өтті.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 17 ақпан күні Қазақстан Республикасыныңпрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынып отырған Конституцияның жаңа редакциясын таныстыру және талқылау бойынша «Жаңа Конституция жобасындағы өзгерістер» тақырыбында жиын өтті. Жиын барысында тарих пәнінің мұғалімі Н.Қонқабаев баяндама жасап, Конституция жобасындағы өзгерістердің маңызына тоқталды. Жаңа Конституция жобасы преамбуладан, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Онда бұрын болмаған саяси институттар, Құрылтай Халық Кеңесі және вице-президент лауазымы енгізілген. Конституцияның барлық бөлімі 77 бабын қамтыған, жалпы мәтіннің 84% өзгерген. Осыған байланысты Конституцияны түзетуден гөрі түбегейлі жаңа Конституция әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Бұл Ата заңда біздің еліміздің тәуелсіздігі туралы адамның өмірі туралы, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғау, тіл мәселесі, дін мәселесі көптеген адам өміріндегі келелі мәселелердің барлығы қозғалған.
Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А.Канибетова өз сөзінде: жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік институттардың рөлін күшейтуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Ұсынылып отырған конституциялық реформалар ел дамуының жаңа кезеңіне қадам жасауға мүмкіндік беріп, билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға негіз болады. Мемлекет басшысы бастамашы болған конституциялық реформаның негізгі қағидаттары – ашықтық, әділдік және жауапкершілік. Конституцияның жаңа редакциясы жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданады.
![]() | ![]() | ||||
![]() | |||||
![]() | |||||



