Меркі аудандық «Бала би» зияткерлік байқауы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Меркі аудандық «Бала би» зияткерлік байқауы
13
февраль
2026

Меркі аудандық «Бала би» зияткерлік байқауы

Меркі аудандық «Бала би» зияткерлік байқауы

«Бір мақал-бір тағылым»

«Ақыл-жастан» көрініс


АНЫҚТАМА

2026 жылы 13 ақпан күні А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп кітапханасында І кезеңінің тапсырмасы бойынша 8-сынып оқушыларымен «Ақыл – жастан» мақалын өмірден алынған шағын көрініс арқылы дәлелдеу мақсатында тәрбиелік шара өткізілді.

Шара барысында оқушылар «Кітап сыйла – болашаққа жол аш» тақырыбындағы сахналық көріністі қойып, білім мен ізденістің жасқа қарамайтынын көрсетті. Көріністе оқушылардың дайын жұмысты көшіру емес, өз ойымен ізденіп, кітапты дұрыс пайдалану арқылы кітап көрмесін жасау шешіміне келуі бейнеленді.

Қорытынды бөлімінде «Ақыл – жастан» мақалын нақты іс-әрекет арқылы дәлелдеп, ақыл мен парасаттың жастық шақтан басталатынын көрсетті. Оқушылар белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

Шара тәрбиелік мәні зор, мазмұнды әрі тағылымды өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: