«Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион» тақырыбында 5-9 сыныптардың ата-аналарына арналған кезекті үшінші сабақ
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
Интернационал ауылы Қараша 2025жыл
Қараша айында мектепте білім алушылардың шетелдік діни оқу орындарына кетуінің алдын алу мақсатында бір қатар түсіндіру жұмыстары мен тиісті іс-шаралар ұйымдастырылды.
5-11 сыныптар арасында сынып жетекшілері «Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы» тақырыптарында тәрбие сабақтары өткізіліп, бейнероликтер көрсетілді. 



8 сыныптар арасында "Діни сауаттылық - қоғамның негізі" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.


9-11 сыныптар арасында Оқушыларға зайырлы білімнің маңызын түсіндіру, кәсіби бағыт-бағдар беру бойынша мамандармен кездесулер, экскурсиялар өткізілді.

9 және 11 сынып оқушыларына мемлекеттік қолдау бойынша жастарға арналған гранттар мен білім беру бағдарламаларын кеңінен насихатталды. Шетелдік оқу орындарына кетудің орнына отандық университеттер мен колледждердегі мүмкіндіктері таныстырылды.
