«Елдік нышандар – ұлттың рухы, бірліктің темірқазығы» атты пікірлесу
18 сәуір күні мектепте 8-9 сыныптар арасында дебат үйірмесінің жетекшісі Бахытова А.Е. ұйымдастыруымен «Елдік нышандар – ұлттың рухы, бірліктің темірқазығы» атты пікірлесу өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың Елтаңба,Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыта отырып, оларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан және бейнеролик көруден басталды. Білім алушылар мемлекеттік рәміздерді туралы түсініктерін айтып, ту элементтерінің мәні, елтаңбаның геральдикасы жөнінде және басқа да қойылған сауалдарға жауап беріп отырды. Қатысушылар дұрыс жауап бере отыра, ұпайларға ие болды. Пікірлесу қызықты өтті, оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін тексерді.
