Викторина
Викторина
5-7 сыныптар
Тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздеріне саяхат
Мақсаты: Білім алушылардың рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд. Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер.
Жүргізуші: «Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.
Ендеше, викторинамызды бастаймыз.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Әнұран орындалады
Сұрақтар барлық оқушыларға бірдей қойылады. Қай топтың оқушылары тез жауап береді.
І. «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты викториналық ойынының сұрақтары:
1.Рәміздер қай жылы қабылданды?(1992жылы)
2.Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады? (Әнұран,Ту,Елтаңба)
3.Әнұранның сөзін кімдер жазған? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев).
4.Әнұранның әнін кім жазған?( Шәмші Қалдаяқов).
5.Тудың авторы кім?( Шәкен Ниязбеков).
6.Елтаңбаның авторы кім?( Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков).
7.Қазақстан қандай мемлекет?(Егеменді,тәуелсіз мемлекет).
8.Ата Заң қай жылы, қай айда қабылданды?(1995жылы,30-шы тамыз)
9.Тәуелсіздікті қай жылы, қай айда алдық?(1991жылы,16-шы желтоқсанда)
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі? (Көк, сары)
11. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты? (Екі рет)
12. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі? (Жұлдыз)
13. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай? (2:1)
14. Мемлекеттік рәміздер күні? (4 маусым)
15. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс? (Қыран бүркіт)
16. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар? (Қанатты пырақ)
17. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды? (Ел президентін ұлықтау рәсімінде)
ІІ. «Ұғымдар» категориясының сұрақтары:
1. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді?
(Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)
2. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)
3. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер?( Шаңырақ — мемлекеттiң түп - негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)
4. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)
Қорытынды: Ойын жіңімпаздары марапатталады
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен- Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!