«Адалдық пен әділдік-өмір өзегі» атты ұстаздармен өткізілген пікір алмасу » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адалдық пен әділдік-өмір өзегі» атты ұстаздармен өткізілген пікір алмасу
28
октябрь
2025

«Адалдық пен әділдік-өмір өзегі» атты ұстаздармен өткізілген пікір алмасу

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ                            

«Балалар кітапханасы» бағдарламасы  аясында


«Адалдық пен әділдік-өмір өзегі» атты  ұстаздармен өткізілген пікір алмасу


анықтамасы

Өткізілген күні: 28 қазан   2025ж.

Өткізілген орны: : мектеп кітапханасы

Мақсаты: Мұғалімдер қауымының арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік және кәсіби этика құндылықтарын нығайту; оқушыларды адал, адамгершілігі жоғары азамат етіп тәрбиелеудегі ұстаздың рөлін айқындау; тәрбие мен білім беру үдерісінде «Адал азамат» қағидаттарын енгізу.


  Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2025 жылы қазан  айының 28 күнінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы «Балалар кітапханасы» бағдарламасы   аясында мектебімізде «Адалдық пен әділдік-өмір өзегі» атты  ұстаздармен өткізілген пікір алмасу өтті. Іс-шараны мектеп әкімшілігі мен кітапханашы ұйымдастырды. Кездесу барысында «Адал азамат – ел болашағы» тақырыбына арналған кітап көрмесі таныстырылып, қазақ әдебиетіндегі адалдық пен ар-намыс тақырыптары қамтылған туындылар жайлы әңгіме қозғалды. Ұстаздар арасында ашық пікір алмасу өтіп, төмендегі мәселелер талқыланды:

1.Мектептегі тәрбие жұмысының негізі – адалдық пен әділдік құндылықтары;

2.Мұғалімнің жеке өнегесі мен оқушы санасына ықпалы;

3.«Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» жобаларының тиімділігі;

4.Пән сабақтарында және сынып сағаттарында адалдық тақырыбын қамту жолдары.

          Іс-шарада Абайдың қара сөздерінен, Бауыржан Момышұлы мен Шәкәрімнің нақылдарынан мысалдар келтірілді. Ұстаздар өз тәжірибелерінен мысалдар айтып, оқушыларды ар мен адамдыққа тәрбиелеудің әдістерімен бөлісті. Ұстаздар оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке баулу – әр педагогтың басты борышы екенін атап өтті. Бұл кездесу мұғалімдердің тәрбиелік бағыттағы жұмыстарын жандандырып, «Адал азамат тәрбиелеу» идеясын жүзеге асыруға серпін берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: