«Кітап оқуды насихаттаудағы сынып жетекшілері мен кітапханашының өзара іс-қимылы» атты бірлескен жұмысы өткізілді
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
«Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру аясында
«Кітап оқуды насихаттаудағы сынып жетекшілері мен кітапханашының өзара іс-қимылы» атты бірлескен жұмысы өткізілді
Сынып жетекшілер мен кітапханашы арасында жүйелі әріптестік орнатып, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру;әдебиет арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін күшейту;сыныпта жүйелі оқырмандық орта қалыптастыруға ықпал ету мақсатында Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2025 жылдың 10-қазан күні сынып жетекшілерімен бірлескен жұмысы жүргізілді.
Мектеп директоры Л.Б.Кокрекбаева мұғалімдерге ата-аналар және оқушылармен тығыз байланыста жұмыс жасап, «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша іс-шараларды ұйымдастырып, уақытылы өткізуі тапсырды.
Мектеп кітапханашысы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында іс-шаралардың жоспары мен түрлерін таныстырып, сынып жетекшісі мен кітапханашының бірлескен жұмысы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып,тұрақты оқырман қалыптастыруға жол ашады-деп айтып өтті. 

