«Оқуға құштар мектеп»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
«Оқуға құштар мектеп»жобасын жүзеге асыру аясында
«Кітап оқуды насихаттаудағы оқырмандармен
жұмыс түрлері» атты түсіндірме жұмысы өткізілді
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес оқушылардың оқу сауаттылығын анықтау, оқу мәртебесін, оқу белсенділігін арттыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту мақсатында 2023 жылдың 6-қараша күні сынып жетекшілерімен түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Мектеп директоры Л.Б.Кокрекбаева мұғалімдерге ата-аналар және оқушылармен тығыз байланыста жұмыс жасап, «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша іс-шараларды ұйымдастырып, уақытылы өткізуі тапсырды.
Мектеп кітапханашысы М.А.Каимбаева «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында іс-шаралардың жоспары мен түрлерін таныстырып, көркем әдебиеттер тiзiмінің 4 бағыты, мақсаты, нәтижесі, медициналық пайдасы туралы айтып өтті.