«Бала тәрбиесіндегі кітаптың рөлі:ата-аналармен кездесу»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ 27.09.25ж.
«Оқуға қуштар мектеп» жобасы аясында
«Бала тәрбиесіндегі кітаптың рөлі:ата-аналармен кездесу»
тақырыбында өткізілген
ата-аналар жиналысы
Анықтама
Өткізілген күні: 27.09.2025ж
Өткізілген орны:мектептің АКТ залы
Қатысқандар: 1-11 сынып ата-аналары
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру,кітап оқуға деген қызығушылығын ояту,оқу мәдениетін қалыптастыру,көркем шығармаларды оқуды насихаттау,кітапханаға келуші оқырман санын ұлғайту.Ата-аналармен тығыз байланыс орнату.
Мектебімізде «Оқуға қуштар мектеп» жобасы аясында «Бала тәрбиесіндегі кітаптың рөлі:ата-аналармен кездесу» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.Жиналысқа мектеп дитекторы,мектеп әкімшілігі,әлеуметтік педагог,кітапханашы,педагог психологтар,Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері және 74 ата-ана қатысты. Жиналысты мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Канибетова күн тәртібімен таныстырып, келген ата-аналарға өз алғысын білдірді.Мектеп кітапханашысы кітапхана қорына 90 дана жаңа әдеби кітаптар келіп түскенін,оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыруда бірлесе жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Және де алда өткізілетін түрлі байқауларға белсене қатысуға ұсыныс жасалды.
Суретте іс-шарадан көрініс.


