«12 қыркүйек – Отбасы күніне» орай сынып сағаттары өткізілді
8 қыркүйек күні А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «12 қыркүйек – Отбасы күніне» орай, білім алушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ата-аналарға
үлкендерге құрмет көрсету мақсатында сынып сағаттары өткізілді.
«Жанұям -қорғаным, ата-анам-тірегім!» апта дәйек сөзімен басталған тәрбие сағатында оқушыларға отбасылық құндылықтар туралы айтылды. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
#ОтбасыКүні #ОтбасылықҚұндылықтар #СаналыАтаАна#БақыттыҰрпақ
