«Рәміздерім – мақтанышым, елдігім» тәрбие сағаты » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Рәміздерім – мақтанышым, елдігім» тәрбие сағаты
04
июнь
2025

«Рәміздерім – мақтанышым, елдігім» тәрбие сағаты

Аманжол Тұрғымбаев атындағы№ 7  ЖББМ

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында   «Балдәурен» сауықтыру лагерінде

«Рәміздерім – мақтанышым, елдігім» тәрбие сағаты


Анықтама

Өткізу күні: 4 маусым 2025 жыл

Өткізу орны: Мектеп кітапханасы

Ұйымдастырушы: Мектеп кітапханашысы

Қатысушылар: 1–6 сынып оқушылары

Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы мағлұмат беру, рәміздердің мән-мағынасын түсіндіру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.

        Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Балдәурен» лагерінде 1-6 сынып    оқушыларына   2025    жылы   4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған тәрбие сағаты өтті.Іс-шара  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Кітапханашы Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн туралы толық мағлұмат беріп, олардың тарихына тоқталды. Оқушылар белсенділік танытып, рәміздерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Шара барысында «Кел, балалар, оқылық!» ұраны аясында Отан, рәміздер тақырыбындағы өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Балалар Қазақстан Туын ұстап, мерекелік көңіл-күйде болды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар назарына ұсынылды.Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін толықтырды, Отанға деген сүйіспеншіліктері арта түсті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: