06
май
2025
«Жасөспірімдер арасында бопсалау мен әлімжеттіктің алдын алу» тақырыбында өткізілген жиналыс
Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні «Бала еңбегін қанаудың алдың алу» айының жоспарына сай «Жасөспірімдер арасында бопсалау мен әлімжеттіктің алдын алу» тақырыбында өткізілген жиналыс – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мектеп ортасында қауіпсіз және қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған түсіндіру жұмысы.
Мақсаты:
- Бопсалау (буллинг) мен әлімжеттік (моббинг) ұғымдарын түсіндіру.
- Оның түрлері, психологиялық және құқықтық салдары туралы ақпарат беру.
- Қиын жағдайға тап болған оқушыларға көмек сұрау жолдарын түсіндіру.
- Мектеп ішінде және одан тыс жерлерде әлімжеттікті болдырмау.
Жиналысқа мектеп әкімшілігі, мектеп инспекторы, психолог және сынып жетекшілері қатысты. Маман-психолог оқушылармен интерактивті жаттығулар, жағдаяттарды талдау және ашық әңгіме өткізді. Мектеп инспекторы буллингтің заң алдындағы жауапкершілігі туралы айтып өтті. Оқушылар анонимді сауалнама арқылы өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Қатысушыларға «Сенім телефондары», көмекке жүгіну мекенжайлары көрсетілген жадынамалар таратылды.
Жиналыс барысында оқушылардың құқықтық және психологиялық танымы кеңейіп, әлімжеттікке қарсы тұру, бір-біріне құрметпен қарау туралы түсінігі нығайды. Бұл шара мектепте қауіпсіз орта қалыптастыруда, оқушылардың жағымсыз әрекеттерден аулақ болуына оң ықпал етті