«Ата-ананың балаға бөлген уақыты – бала тәрбиесінің негізі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата-ананың балаға бөлген уақыты – бала тәрбиесінің негізі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
13
май
2025

«Ата-ананың балаға бөлген уақыты – бала тәрбиесінің негізі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта   білім беретін мектеп

2024-2025 оқу жылы

    Ата-аналарға баламен сапалы уақыт өткізудің маңызын түсіндіру, отбасылық қарым-қатынасты нығайту жолдарын ұсыну мақстаныда өткізілген   «Ата-ананың балаға бөлген уақыты – бала тәрбиесінің негізі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы туралы


Мектеп: А.Тұрғымбаев атындағы  №7 жалпы орта білім беретін мектеп  

Күні: «13»  мамыр 2025 ж.  

Уақыты: сағат :   15.00

Өткізілген орны: АКТ залы

Қатысқандар: 51 ата-ана

     Жиналыс барысында ата-аналармен бірге балаға бөлінетін уақыттың тәрбиелік мәнін, оны қалай тиімді әрі пайдалы өткізуге болатынын талқылап, тек ақпарат алмасумен шектелмей, бір-бірімізге ой салып, тәжірибе бөлістік. 

   Ата-аналармен  «Көбелек» атты бейнеролик көріп талқыладық. 

Жиын барысында бір қатар сұрақтарға жауап алдық:

Балаңызбен күн сайын ашық сөйлесуге қанша уақыт бөлесіз?

«Мен сені жақсы көремін» деген сөзді балаңызға қаншалықты жиі айтасыз?

Қиын сәтте баланы қалай жұбатасыз?

Соңғы рет балаңызбен бірге қандай іс жасадыңыз?

Баланың жетістігін қалай мадақтайсыз?

    Жиын соңында ата-аналарға күнделікті өмірде сапалы уақыт өткізу жолдары ұсынылды, олар: Бірге кітап оқу; Ортақ хобби табу; Кешкі ас кезінде әңгімелесу; Бірге серуендеу; Уақытты тиімді жоспарлау; Күн тәртібін құру; Электронды құрылғыларды шектеу; Отбасылық дәстүрлерді қалыптастыру;

  Ең құнды құралдың бірі - бұл баланың досы болу:

  • Балаңызды үнемі бақылаңыз.
  • Балаңыздың жеке өмірі туралы айтқанын тыңдаңыз. 
  • Балаңызбен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: