"Мектепке жол" Республикалық акциясының өткізілуі » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке жол" Республикалық акциясының өткізілуі
20
август
2024

"Мектепке жол" Республикалық акциясының өткізілуі

       Меркі ауданының білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 23.07.2024 жылы жіберген №435-Ө бұйрығына сәйкес 1тамыз- 30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жаса» ұранымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бара алмай қалыуының алдын алу үшін материалдық және басқада көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акция өткізіледі.
Меркі ауданы Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде осы ауқымды іс шараға байланысты мекеп директоры Кокрекбаева Лайла Болысбековна басқарған ұжымда еңбек етіп, балалардың санасына білім нәрін сеуіп жүрген ұстаздар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары арнайы кеңес өткізіп, іс-шаралар жоспарын белгіледі. Мектеп әкімшілігінен акцияны ұйымдастырып, өткізу үшін арнайы комиссия құрылды. Өркениетке бет бұрған  қазіргі кезеңде дамитын ел дарынды ұландарынан көп үміт күтеді. Балалардың мерейін өсіріп, ертеңгі күнге берік сенімін қалыптастыруда. Бұл акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы халықты ақпараттандыру. Мектептің комиссия мүшелері және барлық сынып жетекшілері аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындығын анықтады.
Акцияның мақсаты: Әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету. Балалардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып,көмекті жеке-жеке көрсету қажеттілігіне назар аудару.
Акция барысында комиссия мүшелері бекітіліп,іс-шаралар жоспары жасалып, жаңа оқу жылына дайындық уақытында  көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға қолдау көрсетілді
Жоспар аясында төмендегі іс –шаралар өткізілді.
Көп балалы отбасынан шыққан білім алушыларға көмек көрсету мақсатында осы игі бастамаға алғаш көмек қолын созған қамқоршылық кеңесі мен ұстаздар қауымы.
Жалпы мектеп бойынша акция кезінде жартылай жетім, көп балалы отбасынан шыққан 19 отбасынан 44 оқушыға, оның ішінде әр балаға 47398-00 ( қырық жеті мың үш жүз тоқсан сегіз мың) көлемінде бюджет тарапынан қаржылай көмек көрсетілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: