14
апрель
2025
Өрт қауіпсіздігінің алдың алу
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 14 сәуір күні мектебімізде Азаматтық қорғаныс бойынша Өрт қауіпсіздігінің алдың алу бойынша 8-10 сынып оқушыларына АӘжТД пәнінің мұғалімі түсіндіру жұмыстарын өткізді. Мақсаты - Өрттің шығу себептері мен салдарын алдын алу;
- Өрт кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;
- Қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін үйрету;
- Қауіпті жағдай туындаған сәтте өзін және басқаларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Өрт қауіпсіздігі шараларына мыналар жатады:
- Электр құралдарын қауіпсіз пайдалану.
- Сіріңке мен отты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау.
- Пеш, газ құрылғылары сияқты қызатын құралдарды дұрыс қолдану.
- Мектеп пен үй-жайларда эвакуациялық жоспарларды білу және жаттығулар өткізу.
- Өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіш, құм, су, т.б.) қолдануды үйрену.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – әр адамның міндеті. Әсіресе, білім беру ұйымдарында бұл бағытта тұрақты түсіндіру жұмыстары мен тәжірибелік жаттығулар өткізіліп тұрады. Өрттің алдын алу – өз өмірің мен жақындарыңның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты.