«Тапқыр достар» Интеллектуалды ойыны
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында
Жамбыл облысында «2025 жылы-Кітап оқу жылы» болып бекітілуіне орай
«Тапқыр достар»
Интеллектуалды ойыны
Өткізілген күні: 18.04.25ж.
Қатысқандар: 4 сынып оқушылары,сынып жетекшісі Иманалиева Ж.
Мақсаты: Кітаптың шығу тарихы туралы түсінік беру. Білімнің көкжиегін кеңейту.Оқушылардың дүниетанымын жан-жақты өмірмен байланыстыра отырып дамыту. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында Жамбыл облысында «2025 жылы-Кітап оқу жылы» болып бекітілуіне орай 2025 жылы 18 сәуір күні оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімін тексеру және ұжымдық жұмысқа бейімдеу мақсатында «Тапқыр достар» атты интеллектуалды танымдық ойын өткізілді.
Ойынға 4-сынып оқушылары қатысып, төмендегі 3 топқа бөлініп жарысты:
«Білімпаздар» тобы;«Зеректер» тобы;«Алғырлар» тобы қатысты.
Ойын бірнеше кезеңнен тұрды:
«Жедел жауап», «Жұмбақ шешу», «Логикалық сұрақтар» және «Сөзжұмбақ» бөлімдерінде оқушылар белсенділік танытты.
Топтар сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беруге тырысып, өзара білім сайысын көрсетті.
Ойын нәтижесінде «Зеректер» тобы жеңімпаз атанып,
жүлделі орын мен марапаттарға ие болды.
Қалған топтарға да алғыс хаттар мен мадақтамалар табысталды.
Шара оқушыларға үлкен әсер қалдырып, танымдық әрі тәрбиелік мәнде өтті.