«Жылдам кітап оқу құпиясы»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында
«2025 жылы-Кітап оқу жылы»
«Жылдам кітап оқу құпиясы»
Анықтама
Қамтылған сыныптар: 2-4 сынып
Қамтылған оқушы саны: 27
Мақсаты: балалардың оқу жылдамдығын арттыру, сөздік қорын кеңейту және кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту .
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 2025 жылдың 14 ақпан күні «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Жылдам кітап оқу құпиясы» тақырыбында бастауыш сынып оқушылар арасында минутқа оқу жарысы ұйымдастырылды. Жарыс 2-4 сынып оқушылары арасында өтті, олардың әрқайсысы берілген кітапты ең аз уақытта оқып, мазмұнын дұрыс жеткізуге тырысты.Жарыс барысында оқушыларға түрлі жанрдағы қысқа мәтіндер ұсынылып, олар 1 минут ішінде оқып,кейіннен түсінгендерін айту қажет болды. Жарысқ қатысушылардың барлығы да өздерінің білімдерін және оқу дағдыларын көрсетіп, жақсы нәтижелерге жетті. Ең жылдам және дұрыс оқыған оқушыларға мақтау қағаздары табысталды.