«2025 жылы-Кітап оқу жылы»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында
«2025 жылы-Кітап оқу жылы»
«Адам өмірінің құндылығы»
«Адам өмірінің құндылығы»тақырыбында тренинг
Анықтама
Қамтылған сыныптар саны: 10 - сыныптар
Қамтылған оқушы саны: 16
Өткізген: Мектеп педагог- психологі А.Нысанова
Мақсаты: Оқушыларға адам өмірінің құндылығы туралы түсінік беру. Өмірдің маңыздылығын түсініп, өзіндік бағасын арттыру.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 2025 жылдың 27 ақпан күні «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Адам өмірінің құндылығы» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Мектеп психологі « Кітаптар адамның эмоционалдық жай-күйіне де әсер етеді. Оқу кезінде сіз басқа әлемдерге саяхат жасап, түрлі жағдайларды бастан кешіресіз, бұл өз кезегінде стрессті жеңуге, өзіңді жақсы сезінуге және эмоционалды теңгерімді сақтауға көмектеседі» ,- деп айтып өтті. Кітап оқу — адамның психологиялық жағдайына оң әсер етіп, рухани дамуға ықпал ететін маңызды құрал. Егер сіз кітап оқу әдетін қалыптастырсаңыз, бұл сіздің ой-өрісіңізді кеңейтіп, өміріңізді байытады. Сонымен қатар, кітаптар арқылы өзіңізді тереңірек түсініп, эмоционалды және интеллектуалды тұрғыдан өсуді қамтамасыз ете аласыз.Мектеп психологтары адам өміріндегі ең басты құндылық кітап оқу арқылы дамитындығын айтып, тренинг барысында сауалнама жүргізіп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарының қандай деңгейде екендігін анықтады.