«Кітап-алтын қазына» кітапханалық сабақ
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«2025 жыл-Әулиеата кітап оқитын өңір»
«Жақсы кітап-жан азығы» акциясы аясында
«Кітап-алтын қазына» кітапханалық сабақ
Анықтама
Өткізілген күні: 10.02.25 ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 3 сынып оқушылары
Мақсаты: Білім мен таным көзі ретінде кітаптың рөлін түсіндіру;оқуға деген қызығушылықты арттыру және кітап оқудың пайдасын насихаттау.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 2025 жылдың 10 ақпан күні «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Кітап-алтын қазына» тақырыбында 3 -сынып оқушыларымен кітапханалық сабақ өтті. Кітапханшы мен сынып жетекші оқушыларға кітаптың , кітап оқудың пайдасын түсіндіріп өтті. Кітапханадағы балалар әдебиеттерімен таныстырылып, кітап оқудың ережелерін айтып кетті.
Шара соңында кітапханаға келген оқушылар бүгінгі сабақтан алған ойларын қорытындылады.