21
сентябрь
2023
«Қара сөздің жауҺарлары» атты ақындармен кездесу-сұхбат өткізілді.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
«Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени – ағартушылық жобаны іске асыру мақсатында 21 қыркүйек күні мектепте «Қара сөздің жауҺарлары» атты ақындармен кездесу-сұхбат өткізілді.
Кездесуге жас ақын Бектұрғанов Ақтөре Ерғалиұлы шақырылды. Кездесу барысында Бектұрғанов А.Е. оқушыларға өз өмірі туралы қысқаша баяндап берді. Өзінің алғашқы кітабымен таныстырып, оқушыларды қызықтырған сауалдарына жауап берді. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктеріне тоқталды, оқушыларды өз еліне қызмет етуге шақырды.
Ақын өз ойларын қағазға түсіріп, оқырман назарына ұсынып отырғаны туралы айтып өтті. Шағын сұхбатымыздың өзінен ақынның шынайы болмысын аңғардық.