Ерте жастағы жүктілік салдары» тақырыбында жиналыс өткізілді
21 қараша күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Канибетова және мектеп психологі А.Нысанованың ұйымдастыруымен 9-11 сынып аралығындағы қыздарға «Ерте жастағы жүктілік салдары» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында қыздарға ерте жүктіліктің қауіптілігі, одан қорғану жолдары және жүктілік басталған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігі жайлы видеороликтер көрсетіп, мағлұмат берілді.
Қыздарға жыныстық тәрбие туралы кітап оқу, ата-аналармен сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру және “ересек” өмірдің салдарын бағалау үшін қажетсіз жүктіліктен қорғану әдістері туралы жиі сөйлесу қажет деп, ересектік өмірді бастамас бұрын, жастық шақтың, өмірдің, махаббат пен достықтың сұлулығын сезіну туралы кеңес берілді.