Мектеп аумақтарына әкелуге тыйым салынған заттарды шектеу және олардың алдын алу профилактикалық іс іс-шарасы
2024 жылы 11 желтоқсан күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығы негізінде профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Бақылау барысында тыйым салынған заттар анықталған жоқ. Мектеп инспекторы Қ.Шолпанбаев және мектеп әкімшілігі білім алушыларға мектепке алып келуге тыйым салынған заттардың тізіміне: қару-жарақ, пышақ, балта, рогатка, кастет, жарылғыш құрылғы имитаторы, аэрозольды бояу, пиротехникалық заттар және газ баллондары т.б. кіретіндігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.