«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «5 минут дауыстап кітап оқу»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2024 жылы желтоқсан айының 4-5 күнінде «Балалар кітапханасы» бағыты бойынша мектебімізде кітапханашы Каимбаева М.А. «5 минут дауыстап кітап оқу» атты іс-шара ұйымдастырды.Шараға мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында әртүрлі ертегі мен аңыз әңгімелер , өлеңдер оқып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Бастауыш сынып оқушыларына «steppe & world» баспасындағы «Мүмкіндік туғанда қайтемін?», «Қиындық шыққанда қайтемін?», «Идея келгенде қайтемін?» кітаптарын дауыстап оқып берді.Мүмкіндік қандай болады? Мүмкіндік кім екеніңді,нені қалайтыныңды,қайда жеткің келетінін тануға көмектеседі.Қиындық шыққанда не істей аласың?Қиындыққа қорықпай қарап,оның төркіні қайда екенін табуға жетелейді.Қиындық деп ойлаған мәселенің өзіне қайран қалып... өзіңді жаңа қырыңнан тануың мүмкін.Идея қандай болады?Үлкен,батыл,ақылды,ақымақ,жақсы... идея келуі мүмкін.Cол идеяны жарыққа шығарып,дамытып,өрбіт... әрі қарай не боларын көресің? Сонымен мүмкіндік туғанда қайтесің?,қиындық шыққанда қайтесің?,ал сенің идеяң қайтеді?Шешімді өздерің қабылдап,шешесіңдер»-деп түсіндірді кітапханашы Майя Абдраманқызы.