11
октябрь
2024
«Қыздарға ұлттық тәрбие туралы» тақырыбында әңгіме жүргізілді
11 қазан күні мектепте 7-8 сынып қыздары арасында қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру мақсатында «Қыздарға ұлттық тәрбие туралы» тақырыбында әңгіме жүргізілді.
Іс-шара барысында қыздар берілген сұрақтарға мәтел немесе тұрақты тіркестер арқылы жауап беріп отырып, жағдайяттардың шешімдерің айтты.