Ғаламтордағы қатердің алдын – алу өміріңе төнген қатердің алдын алу
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығының» 2024 жылғы 10 қазандағы №1-12 хатына сәйкес Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Әлемді билеген интернет»тақырыбындағы айлық аясында интернет қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 18 қазан күні 7 сынып оқушыларымен «Ғаламтордағы қатердің алдын – алу өміріңе төнген қатердің алдын алу»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Мектеп психологы А.Нысанова мен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Тлембаева ғаламторға деген тәуелділік – ғасыр дерті. Ғаламтордың берері көп болғанымен, зияны да қатар жүретін жас ұрпақты өзіне тәуелді етуде. Тәуелділіктің кесірі неге апарып соғарын баршамызға айқын білеміз. Бұл сауатсыздыққа, құмар ойындарға берілуге, көз жанардың нашарлауына, ойлау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтыратындығын айтты. Ғаламтордың оқушы денсаулығы мен оқу үлгеріміне тигізетін кері әсері жайлы ойларын ортаға салды.